10
сәуір
2026
Ғарышқа бірге самғайық 🚀
Ғарышқа бірге самғайық

Күні: 10.04.2026 жылТобы: Мектепалды «Сұңқар» тобы
Мақсаты:
Балалардың ғарыш әлемі туралы білімдерін кеңейту, танымдық қызығушылықтарын арттыру.Міндеттері:
Білімділік: Ғарыш, ғаламшарлар, ғарышкерлер туралы түсініктерін қалыптастыру, сөздік қорларын молайту.Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа, батылдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сөйлеу тілін, ойлау қабілетін, есте сақтауын дамыту.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын, көркем сөз.
Көрнекіліктер: ғаламшарлар, зымыран, жұлдыздар суреттері, слайдтар.
Билингвалды компонент:
Ғаламшарлар – планеты
Зымыран – ракета
Ғарышкерлер – космонавты
Шаттық шеңбері
Біз әдепті баламыз,Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлемдесіп аламыз.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қуант, шаттан, алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы күн балалар!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Әңгімелесу
Тәрбиеші балаларға ғарыш, ғаламшарлар, зымыран және ғарышкерлер туралы әңгімелейді. Юрий Гагарин, Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев туралы мәлімет береді.Тақпақтар
Айлин:Ғарышқа үш рет сәтті сапар жасаған,
Атақты ғарышкер Талғат Мұсабаев.
Ғарыштың кеңістігін бағындырған,
Ел мақтанышы болған дара азамат.
Ислам:
Алтын бесік тербеткен,
«Байқоңырдан» аттандың.
Ең алғашқы қазақтың,
Ғарышкері атандың.
Мақтанады өзіңмен,
Бүгінгінің баласы.
Мүмкін олар ертең-ақ,
Ізбасарың болады.
Балалар ғарыш әлеміне саяхатқа аттанып, түрлі ғаламшарларға тоқтап, тапсырмалар орындайды.
Венера ғаламшары
«Сөздер мен дыбыстар» тапсырмасы.- Дыбыс пен әріптің айырмашылығы.
- Дауысты және дауыссыз дыбыстар.
- «Ана» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Сатурн ғаламшары
Ойын: «Жасырынған сөзді тап»1 2 3 4 5 6 7 8 9
А Н А
Н А Н
А Ғ А
Юпитер ғаламшары
Сергіту сәті.Кел, балалар, кәнекей,
Парақтайық әліппені.
Талай қызық күтуде,
Бәрімізді әлемде.
Жалықпа сен, жалықпа,
Оқы, тоқы арманда.
Бәрін білген балаға,
Жақын болар алыста.
Марс ғаламшары
Робот қонаққа келеді.Балалар өз білімдерін көрсетеді.
Томирис:
А – деген ол аналар ғой ардақты,
Ә – деген ол әжелер ғой салмақты.
Б – деген ол балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Сондықтан да алшақ кетпес расында,
Тұрады олар алфавиттің басында.
Ифрат:
«Ғ» – Ғасыр, ғылым, ғаламшар,
Ойлаған ғалым адамдар.
Ғарышкерлер ұшқанда,
Жасайды ғажап қадамдар.
Мен «Ғ» әріпімін.
Айзере:
«Н» – Нан әлемнің азығы,
Дастарқанның қазығы.
Нар – түйенің асылы,
Өрісі ел жазығы.
Мен «Н» әріпімін.
Ислам:
Барлық әріп бағалы,
Айттық әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті,
Ардақтайды, қолдайды.
Айлин:
Тиіспе, күшік, қоянға,
Тентектікті қойыңдар.
Кикілжің жоқ араңда,
Тәтті-тәтті болыңдар.
Қорытынды
Робот балалардың білімдерін мақтап, сыйлықтар табыстайды.Тәрбиеші:
Ал балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болыңдар!