1 Мамыр - Дос болайық бәріміз! » «Умка» бөбекжай-балабақшасы»
«Умка» бөбекжай-балабақшасы»
«Остров детства» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:210840034819
Қабылдау бөлімі:
+7(747) 534-92-02
"Әдіскер:
+7(747) 534-92-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
сәуір
2026

1 Мамыр - Дос болайық бәріміз!

1 Мамыр - Дос болайық бәріміз! 

Тақырыбы:«Дос болайық Бәріміз»

Тобы: «Қарлығаш»

Күні: 30.04.2026

Мақсаты: Бірлік мерекесінің – қазақстандықтар үшін татулық пен ынтымақ мейрамы екенін түсіндіру.Қазақстанда тұратын көп ұлттың достығы мен тұтастығын, салт- дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу.Мерекелік көңіл- күй сыйлау.Қазақстанда тұратын көп ұлттың достығы мен тұтастығын, адал ниеті мен мақсат-мүдде ортақтығының символына айналған ынтымақтастық мерекені ұмытпауға баулу.«Құрмет», «Сүйіспеншілік», «Достық», «Ынтымақ» құндылықтарының маңызын түсіндіру.

Тәрбиеші:Қош келдіңіздер құрметті қонақтар, қадірлі балалар!1 мамыр – Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты болсын!

Бүгінгі күн ерекше, өйткені 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Бірлігі бекем, тірлігі көркем – Мәңгілік ел Қазақстан!» атты ертеңгілік өткізіліп отыр.Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен.Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған.

Ендеше, ынтымақтастығымыз бен тыныштығымыз одан әрі нығая түссін деген тілекпен іс-шарамызды әнұранмен бастайық!

Әнұран орындалады

Тәрбиеші:Бүгінгі мерекеге біздің балабақшадағы топ бүлдіршіндері өздерінің өнерлерін алып келіп отыр.Балалардың орындауында Достық әні.

Ән: Достық

Тәрбиеші: Келесі кезекті «Қарлығаш» Тобының балаларының тақпақтарына берейік.

Інкар:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің.

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстаным – елім менің!

Айсұлтан:

Күте тұғын асыға әр күнін біз,

Арналатын ең тәтті ән жырымыз

Мерекелі мерейлі айдың басы

Құтты болсын Бірінші Мамырымыз!

Томирис:

Мамырдың бірі-Достық күні

Ән салып билеген халықтың үні

Тұтасып тойлаған ұлттар

Керемет мереке, Мамырдың бірі.

Әмина:

Әрі сұлу, әрі игі

Келші, мамыр шуақты

Он бір ұлы бар үйдің

Жалғыз қызы сияқты 

Би: Түрік биі

Тәрбиеші:

Мамыр қандай, шіркін-ай, мамыр қандай!

Айнала жасыл кілем жамылған жай.

Алатауым басына ақ шәлі орап,

Мойнына гүлден алқа тағылғандай.

Мамыр қандай, шіркін-ай құлпырады.

Күй толқын көңіліне жыр тұнады.

Жыл еркесі гүл мамыр, сұлу мамыр,

Секілді адамзаттың ынтымағы – дей келе балалардың орындауында ән: Келді май.

Ән: Келді май

Тәрбиеші: «Қазақта бірлік болмай,тірлік болмайды»-деген ұлағатты ұғым бар. Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып, Қазақ елінің нығайып, өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.

Алдарыңызда мың бұралған әсем қыздарымыздың орындауында Испан биін қарсы алыңыздар.

Би: Испан биі

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы, мынау жер шары суретінің кішірейтілген түрі - карта.Мұнда Отанымыз - Қазақстан бар.Бізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады, олармен тату-тәтті өмір сүреміз.Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды.

Қане балалар бәріміз экранға қарайық.

1 – слайд: Сурет арқылы әр ұлттардың киімдерімен таныстыру.

Балалар, осы ұлттардың барлығы да Қазақстанда тұрады.Қазақстан көп ұлтты мемлекет.Олар өз елдерінде болмасада, Қазақстанды - елім деп, жерін – жерім деп, құрметтеп, үлкен үлгілі, бақытты, өнегелі отбасы болып өмір сүруде.Әлем халықтарының тату – тәтті бейбітшілікте, ынтымақтастықта өмір сүріп отырғаны біздің қазақ елінің арқасы және олар мұны түсініп, жақсы біледі.Сол себепті біздің елімізді қадір тұтып, құрметтейді.

2 – слайд: Экраннан Елбасы құттықтауы мен Астана қаласы орталық алаңда өткізіліп жатқан шеруді тамашалау.(түсіндірме беру)

Ертең 1 мамыр мерекесі.Біздің де Алматы қаласының халқы орталық алаңға осындай салтанатты шеруге шығады.Әр ұлт өкілдері өздерінің ұлттық киімдерін киіп, өнерлерін көрсетеді.

Ал, балалар біз сіздермен бірге ойын ойнайық.Ойынның аты : Ұлттық бас киімді табуға көмектес.Ойынның шарты экрандағы суретке қарап, әр ұлттың бас киімін табуға тырысыңдар.

Балалардың орындауында ән: Ағайынбыз бәріміз.

Тәрбиеші: балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем.

-Дұрыс айтасыңдар.Көктемде не көп жауады?

-Жаңбыр.

-Әрине.Ендеше біздің Айлиннің орындауындағы Жау-жаңбыр әнін қарсы алайық. Махмутова Айлиннің орындауында «Жау-жау жаңбыр» әні.

Тәрбиеші: Бұл күні қырқаларға гүл тұнады,

Бар әлем бір-ақ сәтте құлпырады.

Әлемге дос құшағын жая келген,

Армысын, бар халқымның ынтымағы!

Бармысың, қазағымның ынтымағы!

Балалар біздің елге көршілес жатқан елдің бірі орыс халқы.Алдарыңызда кішкентай бүлдіршіндеріміздің оырндауындағы орыс биін қарсы алыңыздар.

Би: Орыс биі

Тәрбиеші: Балалар, көктем келіп, айналаның бәрі құлпырып, тіршіліктің бәрі оянады.Балалар, бізге қарай біреу келе жатыр.

(ақ көгершін ұшып келеді, қолында шарлар)

Көгершін: Мен ақ көгершінмін!

Бейбіт өмірдің белгісімін

Мерекемен құттықтаймын

Сізге шарлар сыйлаймын.

(шарларды үлестіреді)

Тәрбиеші: Рахмет, ақ көгершін!Ал, балалар, ақ көгершінге ән айтып берейік.

Хор: Әрқашан күн сөнбесін

Осымен біздің «Бірлігі бекем, тірлігі көркем – Мәңгілік ел Қазақстан!» атты мерекелік іс-шарамыз аяқталды. Барлықтарыңызға рақмет!Мереке құтты болсын!


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив